Катар Әмірі Ердоғанмен бас қосқанына риза екенін атап көрсетті
Әмір Әл-Сани жеке твиттер парақшасынан президент Ердоғанның сапарын бағалады.
Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн Хамед әл-Сани Түркия-Катар ортақтығының табысты түрде нысанасына қарай ілгерілегенін мәлімдеді.
Әл-Сани жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоғанмен бас қосқанына риза екенін атап көрсетті.
Ердоғанмен екі жақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді қолға алғандарын атап көрсеткен Шейх Тәмім екі ел мен аймақ халықтарының мүдделеріне қызмет атқаратын бұл ынтымақтастықтың күшін ең ыңғайлы түрде қолдану тақырыбында келіскендерін жеткізді.
Катар Әмірі мәлімдемесінде «Түркия-Катар ортақтығы табысты түрде нысанасына қарай ілгерілеуде» деді.
Оңаша кездесуінің артынан басшылар Түркия-Катар арасындағы Жоғары стратегиялық комитеттің бесінші жиналысына басшылық жасап, екі ел арасында 7 келісімге қол қойылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мексиканың оңтүстігінде бір жолаушы автобус аударылып кетті
Мексикада бір жолаушы автобустың аударылуы кесірінен 18 адам қада тапты.
Түркия Гамбиялық сарбаздарға әскери білім берді
4-5 мамырда Гамбияда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 15-ші саммиті өтеді.