Еуроодақтан Ирандағы тараптарға шақыру
Еуроодақ Иранда бензин бағаларының көтерілуімен басталған шерулерде тараптарды келіссөзге шақырды.
Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Федерика Могеринидің офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ирандағы шерулерде қаза тапқандар мен жаралылар бар екеніне назар аударды.
Мәлімдемеде «Әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтар қақтығыспен емес, ауқымды келіссөзбен шешіледі. Иран қауіпсіздік күштерінің қақтығыстан кең тұрып, шерушілердің де бейбітшіл түрде наразылықтарын көрсетуін күтеміз» деді.
«Қақтығыстар ешқандай қабылданбайды» делінген мәлімдемеде сөз бостандығы мен шеру еркіндігінің кепілдікке алыну керектігі атап көрсетілді.
Мәлімдемеде ирандық лауазымдыларға ақпараттың еркін тарауы және интернетке қол жеткізудің қамтамасыз етілуі үшін шақыру тастады.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.