Киркук қаласында ДАИШ-тік террористтер залалсыздандырылды

Киркук полиция директоры Али Кемал операция жайлы мәлімдеме жасады.

1308268
Киркук қаласында ДАИШ-тік террористтер залалсыздандырылды

Ирактың Киркүк қаласының оңтүстігіндегі террор ұйымы ДАИШ мүшесі террористтер жасырынған ауылдық аймақтарға жасалған операцияда екі террорист өлтірілді.

Киркук полиция директоры Али Кемал Киркуктің оңтүстігіндегі террор ұйымы ДАИШ-ке бағыттап операция жасалғанын атап көрсетті.

Операцияның Киркук Операциялар қолбасшылығы тарапынан жоспарланғанын атап көрсеткен Кемал «Рыяд ауданының ауылдық аймағында ДАИШ-тік 2 террорист залалсыздандырылды» деді.

Кемал террор ұйымы ДАИШ-тің соңғы кездері қаланың оңтүстігіндегі айдан мен ауылдардың тұрақтылығын бұзуға тырысқанын тілге тиек етіп, террористердің әсіресе Рыяд ауданында ортаға шыға бастағанын атап айтты.

Аймақта ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілгенін білдірген Кемал Киркуктың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзуға рұқсат берілмейтінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар