Иордания Израиль қолындағы Бакура және Гамр өңірлерін қайтарып алды

Иордания армиясы Бакураның солтүстігіндегі территорияларға Иордания байрағын асты.

1306741
Иордания Израиль қолындағы Бакура және Гамр өңірлерін қайтарып алды

Иордания 25 жылдың алдында Тель-Авивпен жасалған Арабе қойнауы Бейбітшілік келісіміне сай Израильге жалға берілген ел-Бакура және ел-Гамр өңірлерін қайтадан территориясына қосты.

Иордания королі 2-ші Абдуллах жексембі күні 1994 жылдан бері израильдіктер қолданып келген  Бакура мен Гамрге байланысты егемендіктің Иорданияға өткенін жариялады.

Аталмыш мәлімдемемен Израильдің осы өңірлерді басқаруы аяқталды.

Иордания заңдарының осы аймақтарда атқарылмауына ешқандай себеп қалмады.

Иордания армиясы да Корольдің мәлімдемесінен кейін дереу Бакураның солтүстігіндегі территорияларға Иордания байрағын асты. 



Ұқсас жаңалықтар