Линдси Грэм армян айптауларын дауысқа салуға тосқауыл болды

АҚШ сенаторы Линдси Грэм Сенатта армян айыптауларын «қырғын» деп қабылдауды дауысқа салуға тосқауыл болды.

1306453
Линдси Грэм армян айптауларын дауысқа салуға тосқауыл болды

АҚШ-та Республикашыл сенатор Линдси Грэм 1915 жылғы армян айыптауларын «қырғын» деп қабылдауды дауысқа салуға тосқауыл болды.

АҚШ Сенатында демократ Сенатор Боб Менендез «Армян айыптауларын ресми түрде тануды» қамтитын бір шешім жобасының Жалпы Кеңесте дауысқа салынуын талап етті.

Бірақ сенатор Линдси Грэм қарсы көзқарас білдіріп, дауыс берудің алдын алды.

Грэм осында жасаған мәлімдемеде «Түркия мен Армения бас қосып, осы мәселені (1915 жылғы оқиғалар) қолға алар. Сенаторлар тарихты қайта жазбау керек және оны бұрмаламауға тиісті» деді.

Линдси Грэм сондай-ақ шешімді өткенге қарап емес, Түрік-Американ ынтымақтастығының болашағына қарап, қабылдағанын білдірді.

Ақ Үйде президент Ердоғанмен кейбір республикашыл сенаторлар қатысқан жиналыстың артынан Грэмнің мәлімдеме сі назар аударды.

АҚШ Өкілдер Мәжілісі 29 қазан күнгі дауыс беруде 1915 жылғы армян айыптауларын «қырғын» деп тану шешім жобасын қабылдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар