Боливияда Бас Штаб Жанин Аньесті "президент" деп таныды

Калиман және армия қолбасшылары Президенттік сарайда  өзін "Уақыттық президент" деп жариялаған сенатор Жанин Аньеспен кездескен.

1306103
Боливияда Бас Штаб  Жанин Аньесті "президент" деп таныды

Боливияда Бас Штаб басқармасының төрағасы Вильям Калиман және армия қолбасшылары Боливия Сенаты төрағасының орынбасары Жанин Аньесті елдің уақытша президенті деп танығандарын жариялады.

Бұрынғы президент Эво Моралесті отставкаға зорлаған және баспаға сұрап барған Мексикада жарияланатын "Pagina Siete"  интернет парақшасының хабарына қарағанда  Бас Штаб басқармасының төрағасы Вильям Калиман және армия қолбасшыларының Боливия Президенттік сарайында  өзін "Уақыттық президент" деп жариялаған Сенаты төрағасының орынбасары, сенатор Жанин Аньеспен кездескені білдірілді.

Бас Штаб басқармасының төрағасы Вильям Калиман және армия қолбасшыларының кездесуден кейін жариялаған мәлімдемеде Жанин Аньесті елдің уақытша президенті деп танығандарын хабарлады. 

Қоғам қауіпсіздік басқармасының директоры Юри Калдерон да армиямен ортақ жұмыстанғандарын және бірге әрекет жасайтындарын айтты.

Бұрынғы президент Эво Моралес елдегі күндер бойы жалғасқан ереуілдерден кейін Бас Штаб басқармасының төрағасы Вильям Калиманның отставкаға шақыруынан кейін жағдайды «мемлекеттік төңкеріс» деп атап, қарашаның 10-ында отставкаға кеткен еді.

Сонымен қатар вице-президент пен сенаторлар палатасының төрағасы да қызметтерінен бас тартқан. Сондықтан Боливия конституциясына сәйкес мемлекетті уақытша басқаруға кіріскен Жанин Аньес тезірек сайлау өткізуді жоспарлап отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар