Еуроодақ Эр-Рияд келісіміне разы

Еуропа Одағы Йемен үкіметі мен ұшқары Оңтүстік Уақыттық Кеңесі арасында қол қойылған Эр-Рияд келісіміне риза болғандарын хабарлады.

1301291
Еуроодақ Эр-Рияд келісіміне разы

Еуропа Одағы Йемен үкіметі мен ұшқары Оңтүстік Уақыттық Кеңесі арасында қол қойылған Эр-Рияд келісіміне риза болғандарын хабарлады.

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар мен Қауіпсіздік саясаттары жоғары өкілі Федерика Могеринидің басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде келісімнің Йеменде және аймақта дағдарысты басып, бейбітшілікті әкелетініне деген сенім жеткізілді.

Тараптардың осы орайды қолдан жібермеуі ескертілген мәлімдемеде Еуроодақтың Йеменнің егемендігі, тәуелсіздігі және  территория тұтстығына деген қолдаулары қайталанды.

Йемен үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауындағы ұшқары Оңтүстік Уақыттық Кеңесі арасындағы кірбеңдікті аяқтауды күткен Эр-Рияд келісіміне 4 қарашада Сауд Арабиясының астанасы Рияд қаласында қол қойылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар