БҰҰ Сирияға көмек материалдарын жолдады

БҰҰ Сирияның Идлиб қаласына 40 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жолдады.

1294345
БҰҰ Сирияға көмек материалдарын жолдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Сирияның Идлиб қаласына 40 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының көмек материалдарын тасыған 40 жүк көлігі Түркияның Хатай қаласы Рейханлы ауданындағы Жилвегөзу шекара қақпасынан Сирия тарапына өтті.

40 жүк көлігіндегі гуманитарлық жәрдем материалдарының Идлиб және төңірегіндегі мұқтаж отбасыларға таратылатыны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар