Телль-Абиядта тұрмыс қалпына ене бастады

Көшіп кеткендер қайта оралып жатыр.

1290357
Телль-Абиядта тұрмыс қалпына ене бастады

Сирияның Телль-Абиад ауданы тұрғындары Бейбітшілік бұлағы операциясында террористтерден тазаланған аудандарында күнделікті тұрмыстарын жалғастыруда. Көшіп кеткендер қайта оралып жатыр.

Бейбітшілік бұлағы операциясында террорден тазаланған ауданда өмір жалғасып жатыр.  Наубайхана, маркет,  тігінші,  мейрамхана, киім және аяқкиім дүкендері күнделікті істерін бастады.

Әйелдер мен балалар сыртқа шығып, ауданда террорлық ұйымнан қалған «шүберектер» тазаланған.

Түрік Қарулы күштері және Сирия Ұлттық армиясының террористтермен арадағы қақтығысы кезінде уақытша кеткен аудан тұрғындары қайта оралып жатыр. Түрлі жүк көліктерімен қайта келіп жатқан азаматтардың көзінде бақыттың жасы ағады.

Аудан көшелерінде вилосипедке мінген балалар,  мейрамхана мен дүкендерінің алдында сұхбаттасып түрған ересектер терроризмнің ізінің тез арада жойылатынын көрсетеді.

Раккаға қарасты, тұрғындарының көбі араб осы аудан 2014 жылдың маусым айында ДАИШ тарапынан басып алынған еді. Артынан YPG/PKK террорлық ұйымы басып алды.



Ұқсас жаңалықтар