Американ арнасы ABC ескі көріністерді операция көрінісі ретінде таратты

Американ хабар арнасы ABC қару таныстыру кезінде түсірілген көріністерді операция кезінде түсірілгенкөрініс ретінде жариялады.

1288005
Американ арнасы ABC ескі көріністерді операция көрінісі ретінде таратты

Түркияның оңтүстік шекарасында құру жоспарланған террор дәлізін жою, аймаққа бейбітшілік пен тұрақтылық әкелу мақсатымен басталған Бейбітшілік бұлғасы  операциясына қарсы жүргізілген жалған хабарлар тарату талпынысында Американ хабар арнасы ABC қару таныстыру кезінде түсірілген көріністерді операция кезінде түсірілгенкөрініс ретінде жариялады.

Бейбітшілік бұлғасы операциясының ілгерлеуіне орай басқа оқиғаларда және басқа уақыттарда түсірілген суреттер мен видеоларды айла-шарғы жасау, жалған хабарлар тарату үшін қолдану тәсілдері жалғасып жатыр.

Ең соңғысы Американ ұлттық хабар арнасы ABC қару таныстыру кезінде түсірілген күшті жарылыстар орын алған видео көріністерін операция кезінде түсірілгендей көрсетіп, әсірелеп жариялады.

Хабарда қолданылған көріністердің негізінде Америка Құррама Штаттарының 2017 жылы өткізілген бір қару таныстыруы кезінде түсірілгені анықталды.

Хабар арнасының көріністерді хабар сағатында қолданудан бұрын ұялы телефонмен жарылысты түсірген адамды монтаж арқылы видеодан шығарып тастағаны анықталды.



Ұқсас жаңалықтар