Сирия уақытша үкіметі қолдау берді

Сириялық оппозиционерлер құрған Уақытша үкімет Бейбітшілік бұлағы операциясына қолдау бергендерін хабарлады.

1285800
Сирия уақытша үкіметі қолдау берді

Сириялық оппозиционерлер құрған Уақытша үкімет Түрік Қарулы күштерінің Сирия Ұлттық армиясымен бірге Евфрат өзенінің шығысындағы террорлық ұйымға бағытталған Бейбітшілік бұлағы операциясына қолдау бергендерін хабарлады.

Сирия уақытша үкіметінен жазбаша хабарлама жарияланды.  «Бейбітшілік бұлағы операциясы жөнінде барлық этникалық және діни топтарымен ұлы Сирия халқына бүгін тағы рет тұтас қоғам ретінде бағытталып отырмыз.  Қолына Сирия халқының қаны жұққандар мен Сирия халқының еркіндік төңкерісіне қарсы шығып, әкімшілікпен бірге Сирия халқын қырғындар осы әкімшілікпен бірге жойылады» деп айтылды.

Хабарламада «Сирия Ұлттық армиясының арыстандары Евфрат өзенінің шығысындағы отандарын бөлшектеуші террористтерден азат ету үшін қозғалды» деп айтылды, Сирия Ұлттық армиясының Сирияда террорлық ұйым басқыншылығындағы аймақтарды құтқаратыны атап көрсетілді.

Операцияда күрдтер және басқа да Сирия халқының нысанаға алынбайтынына назар аударылды.  

Террорлық ұйым YPG/PKK-ның Башар Асад әкімшілігімен бірлесіп, Сирия төңкерісіне қарсы шыққаны айтылған хабарламада: «YPG/PKK террорлық ұйымы сепаратистік ниетімен ортаға шығып, төңкерісті нысанаға алды. Күрдтер секілді бүкіл Сирия халқына зұлымдық жасады» деп жазылды.

Сонымен бірге террорлық ұйым басып алған аймақтарда демографиялық құрылымды өзгертуге бағытталғаны еске салынды.  «Террористтер 350 мыңнан астам сириялық азаматты елінен қуып шықты. Басып алған жерлерінде тұрғындарды қорқытып ұстап,  аштыққа душар қылды.  YPG/PKK ұйымдары да ДАИШ террорлық ұйымы мен басқа да радикал ұйымдар секілді төңкеріске тек зиян келтірді» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар