Түркия-Малайзия-Пәкістан ортақ телеарна құрады

Пәкістан премьер-министрі Түркия-Малайзия-Пәкістан бірігіп құратын телеарнаның ағылшын BBC телеарнасына ұқсайтынын айтты.

1279126
Түркия-Малайзия-Пәкістан ортақ телеарна құрады

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Түркия-Малайзия-Пәкістан  ортақ құратын телеарнаның ағылшын BBC телеарнасына ұқсайтынын айтты.

Хан телеарнада мұсылмандарға байланысты мәліметтер берілетінін білдіріп:

"Телеарнада мұсылмандар мәселесін дәріптеп, Исламофобиямен күреске байланысты таралымдар беріледі" деді.

Хан өткен аптада үш лидердің АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі аясындағы кездесуден кейін ортақ телеарна құру шешімін қабылдағанын жариялады. 

Ислам дініне байланысты қате түсініктерді түзету және Исламофобиямен күрес үшін құрылатын арнаның  мұсылмандарға қарасты медиа болатынын айтқан Хан БҰҰ жалпы Кеңесіндегі баяндамасы және Ердоғанмен бірге өткізген Исламофобия тақырыпты жиналыста да тақырыпқа байланысты тұғырын әлеммен бөліскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар