Рухани мен Саркисян бас қосты

Иран президенті Хасан Рухани мен Армения президенті Армен Саркисян Ереванда бас қосты

1279275
Рухани мен Саркисян бас қосты

Иран президенті Хасан Рухани мен Армения президенті Армен Саркисян Ереванда бас қосты.

Иран президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Еуразия Экономикалық одақтың Лидерлер саммитіне қатысу мақсатымен Арменияның бас қаласы Ереванда байланыс жүргізілген Рухани Саркисянмен екі жақты және аймақтық тақырыптарды талқылады.

Рухани Армения мен басқа көрші елдермен қатынастарды жетілдірудің және нығайтудың Иран сыртқы саясатының негізін қалыптастырғанын білдіріп,  екі елдің энергия, тасымал, туризм және өнеркәсіп саласында ынтымақтастық әлеуетіне ие екенін атап көрсетті.

Рухани Иранның Еуразия Экономикалық одағына қосылуының аймақта экономикалық қатынастардың нығаюына қызмет ететінін айтты.

Саркисян да Иранмен қатынастарды жетілдірудің өздері үшін ерекше маңызды екенін атап көрсетіп, өнеркәсіп, энергия және қоршаған орта тақырыптарында ынтымақтастықты арттыруды қалайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар