ТИКА Карачиде кітапхана ашты

ТИКА Пәкістанда 5 мың кітаптан тұратын балалар кітапханасын ашты.

1275499
ТИКА Карачиде кітапхана ашты
tika pakistan.jpg
tika pakistan kutuphane.jpg

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА Пәкістанда 5 мың кітаптан тұратын балалар кітапханасын ашты.

Елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласындағы ресімге Түркияның Карачидегі бас консулы Толга Учак, ТИКА Карачи координаторы Ибрахим Катырджы және Карачи әкімі Ифтихар Шалвани қатысты.

Бас консул Учак сапалы білім алудың пәкістандық балалардың да құқығы екенін айтып: «Түркия да көп уақыттан бері Пәкістанда білім саласында қызмет етіп келеді.  Пәкістандық оқушылар Түркия стипендияларымен Түркияда білім алуда» деді.

Карачи әкісі Шалвани ТИКА-ға алғыс айтып,  Карачиде 40 дана кітапхананың жаңалау және реставрация жұмыстарын жүргізгендерін, ТИКА-ның қолдауын алғандарын білдірді.

ТИКА-ның Карачидегі координаторы Катырджы кітапханада 5 мың кітап бар екенін айтып: «Білімсіз ешбір қоғам жетіле алмайды.  Сондықтан ТИКА ретінде осындай жобаларды, әсіресе даму жолындағы аймақтарда жүзеге асыру арқылы білімнің сапарын арттыруды мақсат етеміз» деді.

ТИКА тамыз айында да аймақтағы мектептерде білім алатын 500 оқушыға білім жабдықтарымен көмектескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар