Имран Хан АҚШ-тың Ауғанстан саясатын сынға тартты

Имран Хан Америка Құрама Штаттарының Ауғанстанда 19 жылдық соғыста табыссыз болғанын айтты.

1275395
Имран Хан АҚШ-тың Ауғанстан саясатын сынға тартты

Имран Хан АҚШ-тың Ауғанстан саясатын сынға тартты.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Америка Құрама Штаттарының Ауғанстанда 19 жылдық соғыста табыссыз болғанын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 74-ші жалпы кеңесі жиналысы аясында Нью-Йорк қаласында болған Имран Хан Америка сыртқы қарым-қатынастар кеңесінде сөз сөйледі.

Сөзінде аймақтағы тақырыптарға тоқталған Хан АҚШ-тың Ауғанстан стратегиясын сынға тартты.

Ауғанстанда әскери бір шешімнің мүмкін емес екенін түсіндірген Имран Хан бұдан кейін соғыстың мағынасының қалмағанын, АҚШ-тың аяғында шегінуге мәжбүр болатынын және бейбітшіліктің іргетасын қалауы керектігін атап өтті.

Имран Хан АҚШ президенті Трамппен кездесу барысында Трампқа «Ауғанстанда 19 жыл соғыстыңыз және табысты бола алмадыңыз. Тағы 19 жыл соғыссаңыз тағы да табысты бола алмайсыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар