Еуроодақ елдері Нетаньяхудың мәлімдемесіне наразылық білдірді

Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Испания Иордания алқабын «Израилге аннекциялау» үшін берген уәдесіне наразылық көрсетті.

1268668
Еуроодақ елдері Нетаньяхудың мәлімдемесіне наразылық білдірді

Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Испания, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың басқыншылық астындағы Батыс Шерияда орын алған Иордания алқабын «Израильге аннекциялау» үшін берген уәдесіне наразылық білдірді.

5 ел жасаған ортақ мәлімдемеде «Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Испания Батыс Шерияның кейбір аймақтарын әсіресе Иордания алқабы мен Бахр-Лут көлінің (Өлі теңізі) солтүстік жағалауын Израильге қосу туралы мәлімдемесіне алаңдаймыз. Бұл жүзеге асқанда халықаралық құқық маңызды мөлшерде тапталатын болады» деді.

Осы бес ел тараптардан 1967 жылғы шекараларға сәйкес екі мемлекетті шешім ықтималын қауіпке ұшырататын халықаралық құқыққа қарама-қайшы қадамдардан аулақ болуы талап етілген мәлімдемеде «Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Испания Израильдің қауіпсіздік құқығын таниды және Газа секторынан Израильге бағытталатын соңғы шабуылдарды да қатаң түрде айыптайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар