"Дориан" дауылында 2 мың 500 адам із-түссіз жоғалды

Багам аралдарын тас-талқан еткен «Дориан» дауылында 2 мың 500 адамның із-түссіз жоғалғаны білдірілді.

1267977
"Дориан" дауылында 2 мың 500 адам із-түссіз жоғалды

Өткен апта 5-категорияда атап көрсетілген «Дориан» дауылы шайқаған Багам аралдарында іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

Багам аралдары Жедел қызметтер бөлімшесі Багам аралдарында 2 мың 500 адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді.

Лауазымдылар дауылда қаза тапқандардың санының 50-ге ұласқанын жариялаған болатын. Бірақ көптеген адамның із-түссіз жоғалғаны себепті қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін білдірді.

Багам аралдарында шығынды анықтау үшін жіберілген БҰҰ болса 70 мың адамның жедел жәрдемге мұқтаж екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар