Хамас Израильдің пилотсыз ұшағын құлатты

Құлатылған пилотсыз ұшақтың «quadcopter» типі екені және Хамастың қолында екені атап көрсетілді.

1266749
Хамас Израильдің пилотсыз ұшағын құлатты

Израильге тиесілі пилотсыз ұшақ басқыншылық астындағы Газа секторының оңтүстігінде Хамас тарапынан құлатылды.

Палестина жергілікті баспасөзіне қарағанда Ислами көтеріліс қозғалысы Хамасқа қарасты бір бөлімше Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах қаласының шығысында Израильге тиесілі бір пилотсыз ұшақты құлатты.

Хабарда құлатылған пилотсыз ұшақтың «quadcopter» типі екені және Хамастың қолына түскені атап көрсетілді.

Израиль армиясы мәлімдемешісі Авикхэй Адраее болса әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемеде Израильге тиесілі бір пилотсыз ұшақтың Газа секторында құлағанын растады.

Мұның алдында да «Skylark» моделінен бастап, Израиль армиясына тиесілі көптеген пилотсыз ұшақ Газа секторында құлатылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар