Йеменде оқ-дәрі қоймасы жарылды

Жарылыста жазықсыз 7 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.

1266495
Йеменде оқ-дәрі қоймасы жарылды

Йеменнің стратегиялық порт қаласы Худейдеде хоуситтер тарапынан оқ-дәрі қоймасы ретінде қолданылған бір ғимаратта жарылыс болғаны білдірілді. Жарылыста 7 жазықсыз адамның қаза тауып, 20 адамның жарақат алғаны жарияланды.

Батыс жағалауы ортақ күштер мәлімдемешісі подполковник Ваддах эд-Дубейш Худейде қаласының оңтүстігіндегі эз-Зафаран аумағында хоуситтер оқ-дәрі қоймасы ретінде қолданған бір ғимаратта жарылыстар болғанын атап көрсетті.

Оқиғада жазықсыз 7 адамның қаза тауып, 20 адамның жарақат алғанын білдірген Дубейш жарылыстың салдарынан соғыстан қашқан отбасылар паналаған кейбір үйлердің де қирағанын мәлімдеді.

Оқиғамен байланысты хоуситтер ресми мәлімдеме жасамады.

БҰҰ бақылауында хоуситтер мен Йемен үкіметі арасында жексенбі күні жүзеге асқан келіссөздердің алғашқы отырысынан бірнеше сағат өткен соң Худейде қаласында қақтығыстар басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар