Ауғанстаннан 5 мың әскерін әкетеді

Залмай Халилзад Талибанмен соңғы келіссөз нәтижесі ретінде келісімге келгендерін айтты.

1262771
Ауғанстаннан 5 мың әскерін әкетеді

Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан 5 мың әскерін әкетеді.

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзад Талибанмен соңғы келіссөз нәтижесі ретінде келісімге келгендерін айтты.

Халилзад Ауғанстанда жеке меншік бір телеарнада сұрақтарға жауап берді. Ол Талибанмен келіскендерін, келісім мәтнін АҚШ президенті Дональд Трампқа ұсынатындарын білдірді.

Келісім шарттары кезегімен орындалса,  135 күн ішінде Ауғанстандағы 5 базаны босататындарын тілге тиек еткен Халилзад: «Талибанмен келісімге сәйкес алғашқы сатыда Ауғанстандағы 14 мың әскеріміздің бес мыңын әкетеміз» деді.

Халилзад сондай-ақ келісімге сәйкес алғашқы сатыда Кабул және Парван уәлаяттарында күш қолданудың азайтылатынын атап көрсетті.

Талибан өкілдерімен тоғызыншы рет Катарда кездескен АҚШ өкілі жексенбі күні Кабулға барып,  президент Ашраф Ғанимен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар