Сириядағы шабуылда 9 адам қаза тапты

Асад режимі мен Ресейдің Идлибтегі шабуылдары жалғасуда

1258221
Сириядағы шабуылда 9 адам қаза тапты

Асад режимі мен Ресейдің Идлибтегі шабуылдары жалғасуда.

Сирияда Башар Асад режимі және қолдаушысы Ресей тарапынан  Идлиб дағдарысты азайту аймағына ұйымдастырылған шабуылдарда 9 адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды.

Оппозицияларға тиесілі ұшақ қадағалау үйінен алынған мағлұматқа қарағанда Асад режимі мен Ресей Идлибтің аудан және ауылдарына әуе шабуылдар ұйымдастырды.

Азаматтық қорғаныс қайнар көздерінің мағлұматы бойынша шабуылдарда 9 адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды.

Сирия адам құқықтары бюросы Сирияда Асад режимі күштері және Ресейдің 26 сәуір мен 19 тамыз аралығында Идлиб дағдарысты азайту аймағына ұйымдастырылған шабуылдарда кем дегенде 843 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар