Мадуро АҚШ-пен кездесулерді растады

Венесуэла үкіметі мен Трамп үкіметінің кездесулер өткізгенін айтты.

1255700
Мадуро АҚШ-пен кездесулерді растады

Венесуэла президенті Николас Мадуро өзінің рұқсатымен үкіметінің Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп үкіметімен байланыста екенін растады.

Президент Мадуро үкіметі мен АҚШ арасында жасырын келіссөз жасалуына байланысты: «Бірнеше айдан бері Дональд Трамп үкіметі мен менің басшылығымдағы үкімет келіспеушілікті шешу үшін түрлі кездесулер өткізуде» деді.

«Сіздерге бір құпия айтамын,  бұны мен үшін сіз де жасырыңыз.  Себебі ешкім білмеуі керек жерлерде жасырын кездесулер өткізілді.  Әрине байланыстамыз. Байланысымыз жалғасады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар