АҚШ зымыран сынағын жасады

Сергей Риябков Вашингтон әкімшілігінің әскери дағдарысты арттырғанын айтты.

1255412
АҚШ зымыран сынағын жасады

АҚШ зымыран сынағын жасады.

Америка Құрама Штаттары орта қашықтыққа ататын атомдық қару келісімінен шыққаннан кейін алғашқы зымыран сынағын жасады. Осыған орай Ресей АҚШ-тың дағдарысты ушықтырғанын білдірді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон зымыран сынағының жексенбі күні Калифорнияның Сан-Николас аралында жасалғанын мәлімдеді.

Құрлықтан аспанға атылған зымыранның 500 километрден кейін нысананы дәлдегені хабарланды.

Бұл сынаққа Ресей қатал наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министр орынбасары Сергей Риябков Вашингтон әкімшілігінің әскери дағдарысты арттырғанын айтты.

Сынақтың АҚШ-тың орта қашықтыққа ататын атомдық күштер келісімін доғару үшін ұзақ уақыттан бері жасаған дайындықтың дәлелі екенін атап өтті.

Риябков Ресейдің бір қарулану жарысына кірмейтінін және АҚШ өндірмеген жағдайда қару өндірмейтіндерін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар