Қытайда 45 адам тайфуннан көз жұмды

«Лекима» тайфунынан құрбан болғандар саны 45 адамға жетті.

1251856
Қытайда 45 адам тайфуннан көз жұмды

Қытайда 45 адам тайфуннан көз жұмды.

Демалыс күндері Қытайдың шығыс жағалауларына келіп соғылған «Лекима» тайфунынан құрбан болғандар саны 45 адамға жетті.

Алапат дауыл салдарынан 1,08 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілді, Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шеккен. «Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы 1:45-те жеткен. Тайфун өзімен бірге нөсер алып келді. Юцзя уезінде толассыз жауған нөсерден су тасқыны болды. Синоптиктер бүгін алапат дауыл Шаньдун провинциясына жетеді деп болжап отыр. Айта кетейік, «Лекима» биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болды. «Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондаған адам эвакуацияланды.

Тайфун Сыжиаң провинциясында 1,26 миллион адамның қауіпсіз жерге апарылуына және 24,22 миллиард юан зиян шегуіне себеп болды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар