Түркия мен АҚШ-тың Сирия жиналысы аяқталды

АҚШ-пен Түркияда Ортақ операция орталығын қысқа уақытта құруға келісім жасалды.

1249665
Түркия мен АҚШ-тың Сирия жиналысы аяқталды

Сирияның солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен ұйымды түрде құру жоспарланған "қауіпсіз аймақ" жөнінде АҚШ әскери лауазымдыларымен өткізілген кездесулерде Түркияда Ортақ операция орталығының қысқа уақытта құрылуы тақырыбында келісімге келді.

Ұлттық Қауіпсіздік министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Сирияның солтүстігінде АҚШ-пен үйлесімді түрде құрылуы жоспарланған қауіпсіз аймаққа байланысты АҚШ әскери лауазымдыларымен Ұлттық Қауіпсіздік министрлігінде 5-7 тамыз күндері арасында өткізілген кездесулер аяқталды.

Кездесулерде Түркияның қауіпсіздік алаңдауларына жауап беретін алғашқы сатыда жасалатын шаралардың жылдам атқарылуы, осы аяда қауіпсіз аймақты құрудың АҚШ-пен координациясы мен басқаруы үшін Түркияда Ортақ операция орталығын қысқа уақытта құруға келісім жасалды. 

Түрік және АҚШ лауазымдылары қауіпсіз аймақтың "бейбітшілік дәлізіне" айналуы және мекенінен айырылған сириялықтардың елдеріне оралуы үшін түрліше шаралардың жасалуына да келісті.



Ұқсас жаңалықтар