АҚШ Мексика шекарасында 900 баланы ата-анасынан ажыратты

АҚШ-Мексика шекарасындағы заңсыз мигранттардың бір жылда 900-ден астам баласы ата-анасынан ажыратылды.

1246200
АҚШ Мексика шекарасында 900 баланы ата-анасынан ажыратты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Мексика шекарасындағы заңсыз мигранттарға бағытталған саясаты аясында елде соңғы бір жыл ішінде 900-ден астам бала ата-анасынан ажыратылды.

Американ Азаматтық еркіндіктер одағының (ACLU) үкімет тіркеулерін негіз еткен зерттеуіне қарағанда 2018 жылы 26 маусым мен 2019 жылы 29 маусым арасында 911 баланың 844 отбасынан ажырыатылғаны білдірілді.

Ата-анасынан ажыратылған балалардың 481-і 10 жастан төмен, 185 баланың 5 жастан кішкене екеніне назар аударылып, балалардың орташа 9 жастан төмен екені білдірілді. Осы балалардың Америка Құрама Штаттары Денсаулық және адам құқығы министрлігіне қарасты бақылау орталықтарында тұрғаны атап көрсетілді.

97 баланың орташа 85 күн қолда ұсталғаннан кейін ата-аналарына, 40 баланың "алыс туыстарына" немесе "туыс емес асыраушыларға" берілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар