Солтүстік Корея зымыран сынағын жасады

Солтүстік Корея әкімшілігінің Уонсан қаласынан 250 километр аралыққа, 30 километр бикке жететін екі зымыран атқаны атап көрсетілді.

1245760
Солтүстік Корея зымыран сынағын жасады

Оңтүстік Корея армиясы Солтүстік Кореяның елдің шығыс жағажайында екі қысқа аралықты зымыран атқанын, осылайша бір апта ішінде екінші мәрте қару сынағын жасағанын білдірді.

Оңтүстік Корея Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Солтүстік Корея әкімшілігінің Уонсан қаласынан 250 километр аралыққа, 30 километр бикке жететін екі зымыран атқаны атап көрсетілді.

Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Кореяның зымыранға байланысты көбірек мәлімет алуға талпынғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Солтүстіктің зымыран атуды қайталауы Корея түбегіндегі дағдарысты азайту талпынысына көмектеспейді. Пхеньянды аталмыш тұғырын аяқтатуға шақырамыз" делінді. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ газетке берген мәлімдемесінде атылған зымырандардың Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар