Иранның бұрынғы вице-президенті өлім жазасына кесілді

Соты мәлімдемешісі жұбайын өлтірілген Мұхаммед Али Неджефидің өлім жазасына кесілгенін жариялады.

1244990
Иранның бұрынғы вице-президенті өлім жазасына кесілді

Иран соты мәлімдемешісі Гулам Хүсейин Исмаили жұбайын өлтірілгенін мойындаған Иранның бұрынғы вице-президенті және Тегеранның бұрынғы әкімі Мұхаммед Али Неджефидің өлім жазасына кесілгенін жариялады.

Тегеранда баспасөз жиналысы ұйымдастырған Хүсейин Исмаили Неджефи жайлы өлім жазасына кесілгенін атап көрсетті.

Исмаили шешіммен байланысты аппеляция жолының ашық екенін атап көрсетті.

Реформашыл тұлғалардың басында келген Неджефи 28 мамыр күні екінші жұбайы Митра Остадты тапаншамен атып өлтірген болатын. Қастандықтың артынан полицияға барып берілген Неджефи жұбайын өлтіргенін мойындаған еді.

Бұрынғы президенттерден Али Экбер Хашими Рафсанджани кезеңінде Білім беру министрлігі міндетін атқарған Мұхаммед Али Неджефи қысқа уақыт президент Хасан Руханидің орынбасары болып қызмет атқарған соң 2017 жылы Тегеран қала әкімі болып сайланды.

Неджефи өткен жылы балалар билеген бір іс-шараға қатысқаны себепті қатал сынға алынған және денсаулық жағдайының нашарлығын алға тартып отставкаға кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар