"АҚШ Евфрат аймағындағы мұнай алаңдарын тонаумен шұғылдануда"

Генерал-лейтенант Сергей Рудской АҚШ-ты Сирия мұнай резервтерін тонаумен айыптады.

1244621
"АҚШ Евфрат аймағындағы мұнай алаңдарын тонаумен шұғылдануда"

Ресей Бас штабының Жедел операциялық басқарма басшысы генерал-лейтенант Сергей Рудской АҚШ-тың Евфрат өзенінің шығысында заңсыз мұнай саудасы үшін күрд және арабтарға қару-жарақ жәрдемі жасағанын мәлімдеді.

Рудской Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Сириядағы соңғы жағдаймен байланысты мәлімдеме жасады.

Сириядағы АҚШ әскери жасақтарының Евфрат өзені аймағындағы мұнай алаңдарын талан-тараж жасағанын білдірген Рудской «АҚШ жасақтары қарулы топтарды жаттықтыруға қоса, Сирия әкімшілігіне тиесілі Евфрат аймағындағы мұнай алаңдарын тонаумен шұғылдануда» деді.

Соңғы кездері Сирияда АҚШ-тық жекеменшік фирмаларға тиесілі әскер санының артқанына назар аударған Рудской осы аймақтағы АҚШ-тық арнайы әскер санының 3 мың 500-ден асқанын білдірді.

Рудской «Евфраттың шығысындағы мұнай алаңдарында мұнай өндірісі мен саудасы ұйымдастырылған. Сирияның ұлттық резервтері талан-тараж етілуде. АҚШ-тың Евфрат аймағында әскери жасақтарының санын көбейтуі уайымдарды арттыруда. АҚШ заңсыз мұнай саудасы үшін күрд және арабтарға қару-жарақ жәрдемі жасап, кейін осыларды бірін-біріне арандатуда. Осылардың барлығы аймақтағы жағдайды нашарлатады» деді.



Ұқсас жаңалықтар