Адам саудасының құрбандары

Құрбандардың 30 пайызын болса балалар құрайды.

1242992
Адам саудасының құрбандары

Әлем көлемінде әшкереленген адам саудасы құрбандарының шамамен төрттен бірі – әйелдер,  30 пайызын болса балалар құрайды.

БҰҰ Есірткі және қылмыс кеңсесінің жазбаша хабарламасында кеңсе төрағасы Юрий Федотовтың сөздері жарияланды.

Федотов адам саудасының барлық елде кездесуі мүмкін екенін, алайда құқықтың үстемдігі әлсіз елдерде осы қылмыстың көп кездескенін айтты.

«Гуманитарлық дағдарыстар мен қантөгістер адам сататындарға ыңғайлы орта дайындайды.  Адам саудасы жөніндегі соңғы әлемдік есепке қарағанда,  анықталған құрбандардың шамамен төрттен бірі – әйелдер,  ал 30 пайызын балалар құрайды» деді Федотов.

Федотов: «2003-2016 жылдар арасында 225 мың адам саудасы құрбаны анықталды. Біздің көмегімізге зәру әлі көптеген құрбан бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар