Бразилиядағы топырақ көшкіні мен су тасқындарында 11 адам қаза тапты

Лауазымдылар 6 адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді.

1242020
Бразилиядағы топырақ көшкіні мен су тасқындарында 11 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстік шығысында нөсер жауын салдарынан су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде 11 адам қаза тапты.

Өрт сөндіру лауазымдылары Пернамбуко штатының Реджифе, Олинда, Абреу мен Лима қалаларындағы нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде қаза тапқандар санының 11-ге ұласқанын, кем дегенде 7 адамның жарақат алғанын білдірді.

Лауазымдылар 6 адамның да із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді.

Су тасқындары ықпал еткен аймақтарда кейбір ресми мекемелер  мен мектептерде демалыс жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар