Болгария президенті АҚШ-тан ұшақ сатып алу қарарына вето қойды

Болгария президенті парламенттің 1,2 миллиард долларлық соғыс ұшағы сатып алу қарарына вето қойды.

1241308
Болгария президенті АҚШ-тан ұшақ сатып алу қарарына вето қойды

Болгария президенті Румен Радев парламент бекіткен АҚШ-тан 1,2 миллиард долларлық сатып алынатын 8 дана «F-16 Block 70» соғыс ұшағы қарарына вето қойды.

Бұрын Әуе күштері қолбасшылығы да жасаған президент Радев парламентке жолдаған вето қою себептері арасында «Болгарияның осы ұшақтарды сатып алу арқылы ұзақ мерзімге қарызға бататындарын және келісімнің параметрлері тақырыбында ұлттық келіссөз қамтамасыз етілмегендіктен мұның үлкен уайым туғызғанын» атап көрсетті.

Румен Радев вето қою себебінде сондай-ақ сатып алатын ұшақтардың «қару және техникалық тұрғыдан жеткіліксіз болатынын және қосымша шығындар әкелетінін» алға тартты.

Президент Радевтің вето қоюының артынан келісім қайтадан парламентте қаралып, дауысқа салынатын болады.



Ұқсас жаңалықтар