Ұлыбритания Ресейден ұшақ апатының жауапкершілігін мойындауын талап етті

Ұлыбритания Ресейден 5 жыл бұрын 298 адам ажал құшқан ұшақ шабуылының жауапкершілігін мойындауын талап етті.

1237586
Ұлыбритания Ресейден ұшақ апатының жауапкершілігін мойындауын талап етті

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант Малайзия Әуе жолдарына тиесілі «MH17» нөмірлі жолаушы ұшағының құлатылуының жауапкершілігін мойындауын талап етті.

Ағылшын министр Джереми Хант Ресейдің 5 жыл бұрын құлатылған «MH17» нөмірлі рейстің жауапкершілігін алу керектігін атап, мәлімдеме жасады.

Оқиғада 10 ағылшын барлығы 298 адамның қаза тапқанын еске салған Хант Халықаралық ортақ тергеу тобы мен Голландия мекемелерінің әділет ізденісін қолдағандарын атап көрсетті.

Осы аяда жауапкерлердің жауапқа тартылуын қамтамасыз ету үшін Гаагада халықаралық бір соттың құрылуы үшін 100 мың стерлинг қаржы қолдауы жасауға шешім қабылдағандарын білдірген Хант «Австралия мен Голландияның ‘MH17’ ұшағының құлатылуы жайлы орыс үкіметіне мемлекеттік жауапкершілікті мойындау шақыруларына қолдауымыз жалғасады» деді.

«MH17» нөмірлі жолаушы ұшағы 2014 жылы 17 шілде күні 283 жолаушысы және 15 экипажымен Амстердамнан көтеріліп, Куала-Лумпурға бағыт алған кезде Украина әуе кеңістігін қолданған, Украина-Ресей шекарасында 40 шақырымдық қашықтан құлатылған болатын.

Апатқа қатысты соттық тергеу ашу үшін Голландия, Австралия, Бельгия, Малайзия және Украинадан білікті мамандардың қатысуымен Халықаралық ортақ тергеу тобы құрылды.

Тергеу тобы өткен жылы «MH17» нөмірлі жолаушы ұшағының орыс армиясына тиесілі бір зымыранмен құлатылғанын анықтады.

Осыдан кейін Голландия үкіметі оқиғамен байланысты Ресейді айыптаған еді.



Ұқсас жаңалықтар