Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның жаңа төрайымы

Еуропарламент Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйенді Еурокомиссиясы төрайымы болып тағайындады.

1236940
Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның жаңа төрайымы

Францияның Страсбург қаласында жиналған Еуропарламент Жалпы кеңесінде болып өткен дауыс беруде Еурокомиссия төрайымы ретінде Урсула фон дер Ляйен 383 «қабылдау», 327 «қарсы» және 22 «қалыс» дауыспен тағайындалды.

Еуроодаққа мүше елдердің басшылары ұзақ уақытқа жалғасқан келіссөздердің артынан Еурокомиссия төрайымы ретінде фон дер Ляйенді ұсынған болатын.

Ляйен Еурокомиссия төрайымы ретінде тағайындалған алғаш әйел болды.

Саясатқа 43 жаста кірген және Германияның алғашқы әйел Қорғаныс министрі болған Ляйен осы міндетті 2013 жылдан бері атқарып келетін.

Бельгияда дүниеге келген және 13 жасында Германияға көшкен 61 жасар Ляйен Германия канцлері Ангела Меркельдің Христиан Демократ Партиясы мүшесі.

Христиан Демократ Партиясы болса Еуроодақтың бірінші орындағы саяси құрылымы Еуропа халық партиясының құрамында жұмыс істейді.

«Еуропа армиясын» құруға шақырған Ляйен жайлы офисінде ұзақ уақыттан бері министрлік қызметкері болмаған кеңесшілер жұмыс істегені үшін тергеу ашылған еді.

Ганновер Медицина Факультетінің түлегі, 7 баласы бар Ляйен неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік біледі.

Қазіргі Еуропа Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкердің міндет мерзімі 31 қазан күні аяқталады.

Ляйеннің 1 қараша күні міндетін бастауы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар