Ресейден он төртінші ұшақ келіп қонды

Ресейден сатып алынған «S-400» жүйесінің құрылғыларының тасымалы жалғасуда.

1237157
Ресейден он төртінші ұшақ келіп қонды

Ресейден сатып алынған «S-400» ұзын қашықтықты әуе және зымыран қорғаныс жүйесінің құрылғыларының жеткізілуі шеңберінде он төртінші ұшақ Анкараға келіп қонды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда жүйенің құрылғыларының тасымалы жалғасуда.

«S-400» ұзын қашықтықты әуе және зымыран қорғаныс жүйесі радар анықтау жүйесі, басқару жүйесі, зымыран ұшыру құрылғысы және қарсы шабуыл радары болып 4 маңызды сатыдан тұрады. Зымырандардан қалған барлық бөлшектер Түркияға әуеден тасымалданып, құрылады.

Жүйенің ең маңызды бөлшекгі ретінде зымырандар болса теңіз жолы арқылы әкелінеді.



Ұқсас жаңалықтар