Хафтерге қолдау үшін БАӘ мен Суданның келіскені алға тартылды

БАӘ-нің генерал Хафтерге қолдау үшін «қарулы сарбаз жіберу» тақырыбында Суданмен келіскені алға тартылды.

1232786
Хафтерге қолдау үшін БАӘ мен Суданның келіскені алға тартылды

Ливияның шығысындағы қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтер одақтасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Хафтерге қарасты күштерге қолдау үшін Суданмен «қарулы сарбаз жіберу» тақырыбында келіскені алға тартылды.

Лондонда араб тілінде жарияланған Араб әл-Джедид газетінің ливиялық және мысырлық ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда Ливияның Мысыр шекарасы мен оңтүстіктегі шекара аймақтарында шоғырланған әскери қозғалыс байқалды.

Газетке сұхбат берген мысырлық лауазымды Біріккен Араб Әмірліктерінің Судан мен Африка мемлекеттерінде қарулы топтарды Ливиядағы Хафтерге қарасты күштерге қолдау мақсатты қаржыландыру тақырыбында Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының келіскенін алға тартты.

Ливияның шығысындағы Хафтер күштері 4 сәуір күні бас қала Триполиді бақылауға алу үшін бастаған шабуылдар табыссыз аяқталды. Тойтарыс берген Ұлттық Келіссөз үкіметіне қарасты күштер кейін логистикалық және стратегиялық маңыздылығы бар Гриян қаласын Хафтерден кері қайтарған болатын.

Хафтермен ынтымақтастығын жетілдірген Біріккен Араб Әмірліктері генералдың елді толығымен бақылауға алуы үшін алғы шартсыз экономикалық, дипломатиялық және әскери қолдау қамтамасыз етті.



Ұқсас жаңалықтар