Солтүстік Кореядан 546 кісі Оңтүстік Кореяны паналаған

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Солтүстік Кореядан 546 кісі Оңтүстік Кореяны паналаған.

1229023
Солтүстік Кореядан 546 кісі Оңтүстік Кореяны паналаған

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Солтүстік Кореядан 546 кісі Оңтүстік Кореяны паналаған. 

Yonhap агенттігінің хабарына қарағанда Оңтүстік Корея Бірлесу министрлігі қаңтар мен маусым кезеңінде елді паналаған солтүстік кореялықтар санының 546 болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде бұл санның оның алдындағы жылдың ұқсас мезгілінде 487 кісі болғаны ескертілді.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 2011 жылы міндетке келгеннен кейін жыл сайын орташа мың немесе мың 500 солтүстік кореялықтың елді паналауға келгені білдірілген мәлімдемеде солтүстік кореялық босқындарға бағытталған ел көмегін көбейту жоспарланғаны атап көрсетілді. 

Оңтүстік Кореяда қазірдің өзінде Солтүстік Кореядан келген 32 мыңнан астам босқын өмір сүріп жатыр. 

Оңтүстік Корея Бірлесу министрлігі өткен жылы қаңтар-қасым арасында мыңнан астам солтүстік кореялық еліне паналау мақсатымен келгенін хабарлаған. 



Ұқсас жаңалықтар