Германия-Италия арасында келімсектер дағдарысы

Жерорта теңізінде босқын дағдарысы Германия мен Италия арасында саяси дағдарысқа айналды.

1228826
Германия-Италия арасында келімсектер дағдарысы

Германия босқындарды Лампедуза аралына әкелген кезде Италия үй қамауына алған неміс кеме капитаны мен экипажын босатылуын талап етті.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас капитанның еркін жіберілуін талап етті. «Өмірді құтқару қылмысқа жатпайды» деді. Франция болса Италияға порт жабудың теңіз құқығы бұзушылығы екенін ескертті.

Айыптауларға радикал оңшыл Италия Ішкі істер министрі Маттео Салвини қатаң жауап қайтарды. «Италия ешкімнен сабақ алмайды» деді. Кеме капитаны мен экипажын адам саудагерлеріне көмектескен теңіз қарақшылары деп бағалады.

Айыпталған жағдайда неміс капитанның 10 жылға дейін сотталатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар