Оман шығанағында Вашингтон-Иран дағдарыс жалғасуда

Дағдарыс Оман шығанағында шабуылға ұшыраған екі мұнай танкері төңірегінде жалғасуда.

1219912
Оман шығанағында Вашингтон-Иран дағдарыс жалғасуда

Вашингтон-Тегеран арасындағы дағдарыс Оман шығанағында шабуылға ұшыраған екі мұнай танкері төңірегінде жалғасуда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранмен соғысты қаламағандарын қайталады. Аймақтағы кеме қатынасының еркін жүзеге асуы үшін қажетті барлық шаралардың қабылданатынын атап көрсетті.

Иран Мәжіліс төрағасы Али Ларижани болса шабуылдарға АҚШ әкімшілігінің қатысы бар екенін алға тартты. АҚШ-тың экономикалық санкцияларынан нәтиже шықпаған соң осы әдіске көшкенін алға тартты.

Иранға қолдау Ресейден келді. Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков Трамптың Иранды айыптауын «есуастық» деп бағалап, сенімді мағлұматтардың ортаға шығарылу керектігіне назар аударды.

Тегеран әкімшілігі дағдарыстың артынан АҚШ кері қадам басқан ядролық келісімде берген уәделерін шектейтінін білдірді. Осы жаңалықтар болып жатқанда, Сауд Арабиясы мен АҚШ әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының Басра шығанағында бірге ұшқаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар