Трамп Арабия шығанағындағы танкерлерге Иран шабуыл жасағанын айтты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Арабия шығанағындағы мұнай танкерлеріне шабуылды Иранның жасағанын айтты.

1218860
Трамп Арабия шығанағындағы танкерлерге Иран шабуыл жасағанын айтты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Арабия шығанағындағы мұнай танкерлеріне шабуылды Иранның жасағанын айтты.

Трамп аталмыш мәлімдемені Fox News арнасына берген сұхбатында атап өтті. 

Трамп "Иранды қалай тоқтатасыз?" деген сұраққа "Байқап көреміз" деген жауап беріп, Хурмуз бұғазының жабылмайтынын, жабылған күнде де ұзаққа бармайтынын атап көрсетті.

Арабия шығанағында екі үлкен мұнай танкерінде жарылыс болған еді. Танкерлердегі 44 кісілік экипаж Иранның іздеу-құтқару ұйымы тарапынан құтқарылып, Иранның Хурмузган уәлаятына қарасты Каск кемежайына жолданған болатын. 

Жапония Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Хирошиге Секо Жапонияға жүк тасымалдаған екі мұнай танкерінің Хурмуз бұғазы маңында шабуылға ұшырағанын хабарлаған. 



Ұқсас жаңалықтар