Жаңа Зеландия Ирак пен Ауғанстандағы әскерлерін шегереді

Жаңа Зеландия премьер-министрі Ардерн Ирак пен Ауғанстандағы жасақтарының 2020 жылы сатылы түрде кері шегінетінін жариялады.

1216047
Жаңа Зеландия Ирак пен Ауғанстандағы әскерлерін шегереді

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн Ирак пен Ауғанстанда міндет атқарып жатқан Жаңа Зеландия жасақтарының 2020 жылы сатылы түрде кері шегінетінін жариялады.

Премьер-министр Ардерн Министрлер кабинеті жиналысынан кейін Премьер-министрліктің ресми ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде Тажи лагерінде Ирак әскерлеріне білім беретін Жаңа Зеландия әскерлерінің 12 ай, Ауғанстанда міндет атқаратын әскерлердің де 18 ай ішінде кері шегінетінін хабарлады.

Австралия әскери жасақтарымен бірге 2014 жылдан бері Тажи лагерінде ортақ міндет атқаратын Жаңа Зеландия әскерінің саны шілде айында 75-ке, 2020 жылы қаңтар айында 45 кісіге азайтылатынын ескерткен Ардерн 2020 жылы маусымда әскерлердің толық қайтатынын жариялады.

Ардерн Ауғанстандағы Жаңа Зеландия жасақтарының соңғы міндет уақыты 2020 жылдың 31 желтоқсан күні деп белгіленгенін білдірді. 

Мөлшермен төрт жылдан бері ДАИШ-қа қарсы күресте 44 мыңнан астам Ирак әскерінің білім алуына есе қосқандарын дәріптеген премьер-министр Ардерн:

"Министрлер кабинеті Жаңа Зеландия Қорғаныс күші және Бейбітшілікті қорғау тобына байланысты бірнеше шешім қабылдады. Ауғанстандағы міндет уақыты 2020 жылы желтоқсанға дейін 18 ай жалғасады. 2020 жылы Ирактағы білім беру міндетімізді де аяқтайтынымызды хабарлаймын" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар