Жапония мен Солтүстік Корея лидерлері кездесу ниетінде

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның бір саммитте бас қосуы мақсатымен Пхеньян әкімшілігіне ұсыныс жасауға дайындалуда.

1210738

Жапон хабар агенттігі Kyodo-да шыққан хабарларға қарағанда, Жапония үкіметі Синдзо Абэ мен Ким Чен Ын арасында бір саммит ұйымдастырылуы ұсынысын  келер апта Моңғолияда өткізілетін Солтүстік Азия Қауіпсіздігі үшін Ұлан-Батыр диалогы жиналысында Пхеньян әкімшілігіне ұсыныуды жоспарлауда. 

Жапония аталмыш мақсатта Сыртқы істер министрлігінің Азия және Тынық мұхиты қарым-қатынастары бюросынан бір делегацияны 5-6 маусым арасында өтетін саммит үшін Моңғолияға жолдайды.

Екі ел арасында дипломатиялық байланыс болмағандықтан дипломаттардың конференция атымен бас қосуы дәріптеліп отыр.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 7 мамырда жасаған мәлімдемесінде:

"Солтүстік Корея лидерімен шартсыз келіссөздерге ашық екенін" білдірген.

Ұқсас жаңалықтар