Иран Мәжілісінің төрағалығына Али Ларижани қайтадан сайланды

Иран Мәжілісінің төрағалығына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани қайтадан сайланды.

1208490
Иран Мәжілісінің төрағалығына Али Ларижани қайтадан сайланды

Иран Мәжілісінің төрағалығына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани қайтадан сайланды. 

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда, Иран Мәжілісі Жалпы кеңесінде өткен 10- кезекті 4-жылдық Мәжіліс төрағалығы сайлауына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани, Тегеран депутаты реформашыл Мұхаммед Рыза Ариф және Хумейнишехир депутаты Мұхаммед Джевад Ебтехи үміткер болды. 

Мәжілістің отырысында ұйымдастырылған төрағалық сайлауында 274 дауыстан 155 "мақұл" дауысын алған Ларижани жеңімпаз болды.

Тебриз депутаты Месуд Пизишкиян төрағаның бірінші орынбасары, Кирманшах депутаты Абдуррыза Мысри екінші орынбасары болып сайланды.

Иранда депутат сайлауы 4 жылда бір, Мәжіліс төрағалығы сайлауы жылда бір өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар