АҚШ пен Иран арасындағы дағдарыс алаң туғызуда

Еуропа Одағы комиссиясы мәлімдемешісі Маджа Коджинсис АҚШ президенті Трамптың сөздеріне жауап берді.

1204865
АҚШ пен Иран арасындағы дағдарыс алаң туғызуда

Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында болған  дағдарыс алаң туғызуда.

Еуропа Одағы комиссиясы мәлімдемешісі Маджа Коджинсис АҚШ президенті Дональд Трамптың Твиттер арқылы айтқан «Егер Иран соғыс бастайтын болса, онда Иранның күйреуі болады» деген сөздеріне жауап берді.

Коджинсис мәлімдемесінде «Аймақтың тіпті көп тұрақтылыққа мұқтажы бар. Осы тақырыпты үнемі айтып келдік. Әртүрлі провокациядан аулақ тұрғанымыз жөн. Дағдарысты азайту үшін атсалысайық» деген сөздер қолданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдемешісі Стефан Дужаррик болса, күнделікті баспасөз брифингінде АҚШ пен Иран арасындағы дағдарыстың қатты алаң туғызғанына назар аударып, «Барлық тараптарға дағдарысты арттырған сөздерді азайтулары жөнінде үндеу тастаймыз. Аймаққа тұрақтылық керек» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар