Бағдатта арнайы қорғалған "Жасыл аймаққа" зымыран шабуылы

Ирактың бас қаласы Бағдаттағы Жасыл аймаққа (қауіпсіздік аймағы) «катюша» зымыранымен шабуыл жасалды.

1204247
Бағдатта арнайы қорғалған "Жасыл аймаққа" зымыран шабуылы

Ирак премьер-министрлігіне қарасты Қауіпсіздік Медиа желісі жасаған мәлімдемеде арнайы қорғалған үкімет ғимараттары орналасқан Жасыл аймақтың орталығына «катюша» зымыранымен шабуыл жасалды.

Шабуылда адамдарға зиян келмегені білдірілді.

Ирак премьер-министрі Әділ Абдулмехдидің әскери бас хатшысы Мұхаммед Беяти жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемеде «Жасыл аймаққа катюша зымыран шабуылы осы аймақтың көлік қатынасына толығымен ашылуының алдында кедергі емес. Жасыл аймақ толығымен көлік қатынасына ашылады» деді.

2003 жылы АҚШ басқыншылығымен бірге бетон дуалдар салынып, көлік қатынасына жабылған аймақтың бір бөлімі өткен айларда көлік қатынасына ашылған, ирактық лауазымдылар аймақтың жақында көлік қатынасына тұтастай ашылатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар