Террор ұйымы 500 араб содырды ұйымнан қуып шықты

Террор ұйымы Телль-Рыфат ауданында содырларға қосылғысы келмеген 500 арабты ұйымнан қуып шықты.

1203860
Террор ұйымы 500 араб содырды ұйымнан қуып шықты

YPG/PKK террор ұйымы Сирияның Телль-Рыфат ауданында содырларға қосылғысы келмеген 500 арабтың қолындағы қаруларды тартып алып, ұйымнан қуып шықты.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда террор ұйымы YPG/PKK-ның Сирияның солтүстігінде басқыншылық жасаған Телль-Рыфат пен айналасындағы аймақтарда SDG күштерінің саптарына соғысу үшін көндіре алмаған араптардың қаруларын қолдарынан тартып алды.

YPG/PKK, SDG құрамындағы басқа араб текті содырларды қорқыту мақсатты қаруларын қолдарынан тартып алып, 500 арабты сөзбен қорлап ұйымнан қуып тастады.

АҚШ-тың қолдауын алу үшін "SDG" (Сирия демократиялық күштері) деген атты қолданған YPG/PKK террор ұйымы Сирия жерінің 28 пайызын қолында ұстайды.



Ұқсас жаңалықтар