Помпео Еуропалық одақтастарымен Иран мәселесін талқылайды

Майк Помпео 14 мамырда Сочиде Ресей президенті Путин және Лавровпен кездесуден бұрын Брюссельге баратынын білдірді.

1200474
Помпео Еуропалық одақтастарымен Иран мәселесін талқылайды

Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу мақсатымен Ресейдің Сочи қаласына жолға шыққан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның алдымен Бельгияның астанасы Брюссель қаласына барып, "Иран қаупіне" байланысты кездесулер өткізетіні білдірілді.  Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Морган Орттагус Майк Помпеоның бағдарламасындағы өзгерістерге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. 

Майк Помпеоның 14 мамырда Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және әріптесі Сергей Лавровпен кездесуден бұрын Брюссельге баратынын білдірген Ортагус:

"Министр Помпео Брюссельде Иранның соңғы қауіп төндірген әрекеттері мен мәлімдемелерін талқылау үшін Еуропадағы одақтастарымызбен бас қосады.  Орта Шығыс пен әлемдегі ортақ мүдделеріміздің амандығын сақтау мақсатымен одақтастарымыз және ортақтарымызбен жақын ынтымақтастық жасауды жалғастырады" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар