БҰҰ Бас хатшысы лаңкестік болған мешіттерге барды

Гутерреш лаңкестік куәгерлерімен кездесті.

1200918
БҰҰ Бас хатшысы лаңкестік болған мешіттерге барды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гетерреш Жаңа Зеландияда наурыз айында лаңкестік жасалған мешіттерге барды.

Гутерреш Крайстчерчте алдымен Нұр, артынан Линвуд мешітіне барып,  мұсылман қоғамының өкілдері және лаңкестік куәгерлерімен кездесті.

Нұр мешітінде жарты сағат болған Гутерреш «Қайғы мен қасірет сөзбен кетпейтінін білемін. Осында жеке өз басым құрмет пен сүйіспеншілігімді көрсету үшін, қолдау беру үшін келдім» деді.

Линвуд мешітіне де гүл тастаған Гутерреш лаңкестік барысында террористке қолына түскен нәрсені лақтырып,  қуған,  артынан азаматтар қаһарман деп жариялаған Абдул Азиз секілді куәгерлермен бас қосты.

Азиз БҰҰ Бас хатшысымен танысқанына қуанышты екенін айтып: «Осында келуі,  біздің қайғымызды бөлісуі өте мағыналы» деді.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітке 15 наурыз күні жасалған шабуылда 51 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алған болатын.

Шабуылда Мұстафа Бозташ және Темел Атачочугу атты түрік азаматтары жараланып,  ауыр жарақат алған Зекерия Туян болса 48 күннен қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар