АҚШ-та 800 кісі қызылша вирусын жұқтырды

Нью-Йоркты қамтыған елдің 23 штатында байқалған науқаста 2019 жылдың басынан бері 839 адам қызылша науқасымен ауырғаны білдірілді.

1200461
АҚШ-та 800 кісі қызылша вирусын жұқтырды

Америка Құрама Штаттарында Нью-Йорк қаласын қамтыған көптеген штаттарда жалғасып келе жатқан қызылша науқасында 2019 жылдың басынан бері вирусты жұқтырғандар 800 кісіден асты.

АҚШ Науқасты тексеру және алдын алу орталығы көптеген штатта байқалған қызылша науқасына байланысты жаңа санды мәліметтерді жариялады.

Мәліметте Нью-Йоркты қамтыған елдің 23 штатында байқалған науқаста 2019 жылдың басынан бері 839 адам қызылша науқасымен ауырғаны білдірілді.

Сонымен бірге, өткен аптадан бері байқалған 75 науқас адамнан 66 кісі Нью-Йоркта анықталғаны хабарланды.

Америка Құрама Штаттарында 2019 жылдың басынан бері қызылша вирусын жұқтырғандар соңғы 25 жылдағы ең жоғары өреге жеткен. 

АҚШ 2000 жылы қызылша науқасын толығымен жеңгенін жариялаған болатын. Алайда, биыл қызылша науқасы қайта пайда болды. 

Нью-Йорк қаласында ағымдағы айдың басында әсіресе еврейлер жиі қоныстанған аймақтарда қызылша науқасы себепті кезектен тыс денсаулық сақтау шаралары жарияланған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар