Иран АҚШ-тың шығанақтағы кемесін ату мүмкіндігін білдірді

Иран Төңкеріс қорғаушылары Әуе күштерінің қолбасшысы Хажызаде АҚШ-тың Басра шығанағындағы соғыс кемелерін атамыз деп құқай көрсетті.

1199706
Иран АҚШ-тың шығанақтағы кемесін ату мүмкіндігін білдірді

Иран Төңкеріс қорғаушылары Әуе күштерінің қолбасшысы Әмир Али Хажызаде Америка Құрама Штаттарының Басра шығанағындағы соғыс кемелерін атамыз деп құқай көрсетті.

Ирандық студенттер Хабар агенттігі ИСНА-да шыққан хабарларға қарағанда, Хажызаде:

 "40-50 соғыс ұшағы мен 6 мың қызметкері бар соғыс кемесі бұрын біз үшін қауіп болатын, ал қазір нысанамызға айналды" деді.

Америка Құрама Штаттарының ұшақ кемесінің Басра шығанағындағы орнының Иран базаларына жақындығына назар аударған Хажызаде: "Америкалықтардың жағдайы тісімізге кірген ет сияқты. Егер қимылдаса, атуға дайынбыз. Соғыс кемесі бұрын біз үшін қауіп болатын, ал қазір бір орайға айналды" деп көрсетті.

Вашингтон әкімшілігінің соғыс сөзінен аулақ тұруына байланысты Хажызаде  мұның себебі шығанақтағы АҚШ әскери болмысының қорғаныс олқылықтарының болуынан туындағанын айтты.

Хажызаде: "Бізге жақын жерде. 300 километр алыстықтағы кемені ату күшіне ие зымырандарымыз бар. Аталмыш зымырандардың ату аралығы соңғы жұмыстар арқылы 700 километрге жетті" деді.



Ұқсас жаңалықтар